Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде көлік басқарған астаналық 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Елорда полициясы жол қозғалысы ережелерін сақтау және мас күйінде көлік жүргізуге жол бермеу туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды, әсіресе мас күйінде көлік жүргізуге қатысты бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Бұл іс-шаралар іжол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында орындалады.

Мәселен, түнгі уақытта патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Момышұлы көшесінде заң бұзушылықты анықтады. Полицейлер жолда күдікті әрекет еткен көлікті байқаған. Ол жылдамдық режимін бұзып, бүйірден екінші жаққа маневр жасаған.

Жүргізуші мас болуы мүмкін деген оймен, полицейлер тексеру үшін көлікті тоқтатқан. Жүргізушімен әңгіме барысында мас болудың белгілері анықталды.

Осыдан кейін 27 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, медициналық куәландыруға жеткізілді, оның нәтижелері бойынша жүргізуші ағзасында алкогольдің бар екендігі растады.

Сот отырысының қорытындысы бойынша ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Астана қаласының полиция департаменті автокөлік иелеріне жол ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралын басқармауды ескертеді. Мас күйінде көлік жүргізу заңды бұзып қана қоймайды, сонымен қатар барлық жол қозғалысы қатысушыларының өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру