Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде көлік басқарған азамат 15 тәулікке қамалды

Қызылордада мас күйінде көлік басқарған азамат 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қараша күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері қала орталығындағы Шүкіров көшесінде «Мерседес» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында 27 жастағы жүргізушінің алкоголь ішіп, көлік басқарғанын анықтады. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас екенін растады.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-тармағымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. 

Қызылорда қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған  құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру