Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде көлік жүргізген 14 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жүргізушілердің көліктік тәртібін жақсарту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында биылғы жылдың 22-24 қыркүйегі аралығында Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» ЖАІШ екі күндік жұмысының қорытындысы бойынша 1 241 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жол қозғалыс ережелерін бұзу болып табылады. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 14 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жылдамдық шегін ескермеген 50 жүргізуші анықталды, 37 жүргізуші көлік құралын басқарған кезде ұялы телефон қолданғаны үшін 66 жүргізуші қауіпсіздік белдігінсіз жүргені үшін екі жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін ұсталды.

Көлікке құжаттары немесе жүргізуші куәлігі жоқ 53 жүргізуші анықталды. Сонымен қатар, жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 53 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, Павлодар қаласында Короленко-Торайғыров қиылысында полицейлер жүргізуші көлікке біле тұра жалған мемлекеттік нөмір орнатқан «Mercedes» көлігін тоқтатты. Ақырғы ҚР ӘҚБтК 590-бабы бойынша көлік құралын басқару құқығынан бір жылға айыра отырып, жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, қарсы жолаққа шыққан «Hyundai» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Қаскөй заң бұзушы ҚР ӘҚБК 596-бабымен алты ай бойы көлік жүргізу құқығынан айырумен жазаланады.

– Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатынын және жол ережесін бұзушыларға қарсы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең қатаң шаралар қолданылатынын еске саламыз, – деп қорытындылады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру