Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде көлік жүргізген 80-нен астам қостанайлық анықталды

Биыл мас күйінде көлік жүргізгені үшін қостанайлықтарға қатысты 80-нен астам қылмыстық іс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы саласындағы алдын алу жұмыстары мен жол қозғалысына қатысушылардың жазалау шараларын қатаңдатуына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзу жалғасуда.

2021 жылғы 10 айда ҚР ҚК 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беруі) 82 қылмыстық іс тіркелді.

Мысалы, 1 қазанда Жітіқара полиция бөлімінің патрульдік полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 2022 жылдың 12 наурызына дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас күйіндегі 33 жастағы азаматты ұстады.

Сондай-ақ, 13 қазан күні полиция қызметкерлері 2021 жылдың маусым айындағы сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған Сарыкөл ауданының 68 жасар тұрғынын ұстады, азамат көлікті мас күйінде басқарған.

Ал 26 қазанда ішімдік ішкен 44 жастағы азаматтың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркеліп, ол 2028 жылдың 3 шілдесіне дейін жүргізуші куәлігінен айырылды.

2 қарашада патрульдік полиция қызметкерлері қаладан Рудный қаласына қарай шыға берісте ащы судан ұрттап, ВАЗ-2112 маркалы автокөлігін басқарған 28 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Ер адам 2020 жылдың сәуірінен бастап көлік жүргізу құқығынан айырылса да, рөлге отырған.

Жүргізушілерді мас күйінде рөлге қайта отыруға не түрткі екенін полицейлер анықтауда. Алайда мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік болары сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру