Мас күйінде көлік жүргізген павлодарлық жауапқа тартылды
Мас күйінде көлік айдаған Аққулы ауданының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Рейдтік іс-шаралар барысында Аққулы ауданы полицейлерінің назарын жылдамдықпен келе жатқан «ВАЗ-21214» автокөлігі аударды. Полиция қызметкерлерінің тоқтау талабын елемеді, – деді аудандық полиция бастығының бірінші орынбасары Жандос Айтмұхамбетов.
Көшелердің бірінде полиция қызметкерлері көлікті ұстады.
Құқық белгілеуші құжаттарды тексеру кезінде ауыл тұрғынының автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталды, бұл туралы куәландыру нәтижелері дәлел болды. Сонымен қатар, полицейлер оның 2018 жылы жеті жылға жүргізуші куәлігінен мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін айырылғанын анықтады. Бұл жолы жүргізуші ішімдік ішіп, Черное ауылындағы коммуналдық кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтін әкесінен қызметтік көлікті айдап әкеткен.
– Енді ауыл тұрғыны заң алдында екі құқық бұзушылық бойынша жауап беруі керек: көлікті мас күйінде басқарғаны және айдап кеткені үшін, – деп түсіндірді полициядан.
Айта кету керек, Ертіс өңірінің жол полицейлері мас жүргізушілермен үнемі күрес жүргізуде. Тек 2020 жылдың басынан бері көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 794 ыстық сусын әуесқойлары ұсталды.
Жолдардағы жағдайды бақылауға басқа қызметтердің қызметкерлері және көлік жүргізу проблемасына бей-жай қарамайтын аймақ тұрғындары да көмектеседі.
Полиция азаматтарды «көлікті мас күйінде жүргізгенді көрсеңіз – полицияға хабарлаңыз» деп шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана жағдайға әсер етіп, адам құрбандарының алдын алуға болады. Азаматтық позицияңызды көрсетіңіз және көлік жүргізушісін мас күйінде басқару туралы негізделген болжамдар болған жағдайда полицияға «102»-ге хабарлаңыз.