Мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Алматы облысында мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол ұстау кезінде ақылға қонымсыз жағдайда болған. Сонымен қатар, ол жүргізуші куәлігінен де айырылған.
1 шілде сағат 21.00 шамасында Балпық би ауылында қызмет көрсету бағыты бойынша патрульдеу кезінде Көксу ауданы патрульдік полиция тобының полиция қызметкерлерінің назары мотоциклді мемлекеттік нөмірлік белгісіз басқарған жүргізушіге түскен. Сонымен қатар, жүргізушінің мотоциклды басқару мәнері де құқық қорғау органдарының күдігін тудырған.
– Наряд мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан, жүргізуші Көктал ауылының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізушінің айтуынша, ол бір бөтелке арақты тауысқаннан кейін, көрші ауылдан спирттік ішімдіктің жаңа бөтелкесін алуға келе жатқан. Жүргізілген медициналық куәландыру ұсталған азаматтың орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйінде екендігін көрсетті. Сондай-ақ, 2019 жылдың тамыз айында аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотымен үш жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылған, – дейді Көксу АПБ бастығының орынбасары Эльдар Метербаев.
Мас күйде көлікті қайта басқару дерегі ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктіге қатысты ірі айыппұлдан бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі ауыр қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін. Көлік құралы сот шешіміне дейін арнайы тұраққа орналастырылды.
– Айта кету керек, біз үлкен қиындық- жол-көлік оқиғасының алдын алдық. Масаң күйдегі жүргізушілердің кесірінен қанша адамның, жаяу жүргіншілердің қаза табатыны бізге мәлім. Сондықтан да , заң тұрғысынан осы құқық бұзушылық бойынша жазаны күшейтілді, – деп толықтырды Эльдар Метербаев.