Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас шетелдік азамат ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті бұзды

Мас шетелдік азамат ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті бұзды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 21 441 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 1648, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 163 факті.

Мәселен, Пхукет - Алматы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ бортындағы қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушыны акт бойынша түсіріп, ұстады.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 42 жастағы азаматын анықтады. Ол масаң күйінде болып, салондағы өз орнында кіші дәретін сындырған.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің бірден екі бабы, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру