Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жолаушы ұшақ бортында тәртіп бұзғаны үшін қамауға алынды

Мас жолаушы ұшақ бортында тәртіп бұзғаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Камрань – Астана бағытымен ұшқан әуе рейсі елорда әуежайына қонғаннан кейін, 30 жастағы Астана тұрғынының ұсақ бұзақылық әрекеті әшкереленіп, акт бойынша әуе кемесінен түсірілді.

Желілік полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ер адам ұшу барысында алкогольдік масаң күйде болып, дөрекі сөздер айтып, экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбаған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және әуе кемесінде мінез-құлық ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.

Сонымен қатар сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Көлік полициясы департаменті қоғамдық орындарда, соның ішінде әуе рейстерінде де тәртіп сақтау қажеттігін ескертеді. Заң талаптарын бұзу әкімшілік, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру