Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

Қызылорда облысының полицейлері тағы бір мас жүргізушіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қызылорда облысының ПД патрульдік полиция қызметкерлері облыс көлемінде ішімдік ішіп, мас күйінде көлік айдаған 987 жүргізушіні анықтады.

Мысалы, 1 желтоқсан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының әуежайына апаратын жолда «Mitsubishi Outlander» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында 39 жастағы жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің исі шығып тұрған. Медициналық сараптама қортындысы бойынша жүргізушінің мас екені расталды. 

1981 жылғы жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-тармағымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды.

Қызылорда қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру