Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші әйел ұсталды

Алматы облысында жүргізуші куәлігі жоқ әйел масаң күйде көлік басқарғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 2 қаңтарда түнгі уақытта Қарабұлақ кентіндегі патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын «Volkswagen Golf 3» автокөлігінің жүру мәнері өзіне аударған. 

– Аталған көлік құралын тоқтатқан полицейлер көлік тізгініндегі әйелден ішімдік ішудің айқын белгілерін байқаған. Содан кейін жүргізілген куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейін растады, – деп хабарлады Ескелді аудандық ПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Айдос Есімбеков.

Тексеру барысында Талдықорған қаласының 38 жастағы тұрғыны 2019 жылдың наурыз айында үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Енді жүргізуші әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Азаматшаның темір тұлпары арнайы көлік тұрағына тоғытылды. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Қолданыстағы заңнаманы масаң күйде көлік басқарғандарға қатаң шаралар қабылдау бойынша өзгерту енгізілгеніне қарамастан, кейбір жүргізушілер әлі күнге ішімдік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеде. Баршаңыздың назараңызға: көлікті масаң күйде басқарған адам – қылмыскер! Өзіңізге де, айналаңыздағы адамдарға да қауіп төндірмеңіз!, – деді Айдос Есімбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру