Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішімдік ішіп, көлік жүргізетіндер көбейіп тұр

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында мас болып көлікке отырған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сараптама жұмыстары 23 жастағы жігіттің көлік тізгініне «орташа мас күйде» отырғанын растады.

Осыған ұқсас тағы бір дерек анықталды. 2 наурыз күні кешкісін Жезкент кентінде учаскелік инспектордың патрульдік жұмысы кезінде «ВАЗ-21063» көлігі тоқтатылған.

Жол сақшысы жүргізушіден алкогольдің иісін сезеді. Құжаттарын тексергенде өзімен бірге көлік жүргізуші куәлігі де болмай шығады.

Аудан тұрғыны бұған дейін де көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталған. Былтыр маусым айында аудандық сот 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырған. Енді бұл жолы ол бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Енді Бородулиха ауданының тұрғыным 5 мың айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл төлейді немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру