Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды

Қызылорда облысында 2020 жылдың 6-8 желтоқсаны аралығында масаң күйде көлік басқарудың үш дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Шиелі ауданы Алғабас ауылы Исмайлов көшесінің бойында күдік тудырған «УАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Полиция қызметкері көлік тізгінінде отырған жүргізушінің ішімдік ішкенін байқап, медициналық куәландырудан өтуді ұсынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес оның жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды. 

Аудандық соттың қаулысымен «УАЗ» көлігінің жүргізушісі ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру