Мас жүргізуші жол апатын жасады
Түркістан облысының полицейлері жол апатын жасаған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара аудандық ПБ кезекші бөліміне аудан орталығы көшелерінің бірінде «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, Шардара қаласының тұрғыны автокөлікті мас күйінде басқарып, арақашықтықты сақтамай «Дэу-Нексия» автокөлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде екі көлікке де материалдық шығын келтірілген.
Шардара АПБ-нің тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні ұстады және оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адам «орта дәрежеде мас халде» екені белгілі болды. Сонымен қатар, «ВАЗ» жүргізушісі 2018 жылы Шардара аудандық сотымен үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Жүргізуші қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және мас күйінде рульге отырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, жүргізушілер жолда жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға және жазатайым оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Жүргізушілер, жол жүрісі ережесін сақтау сіздің өміріңізді ғана емес, жақындарыңыз бен жолаушыларыңыздың да денсаулығын сақтамақ. Егер сіз жол қозғалысы ережелерін немесе жол қозғалысы ережелерін бұзудың куәсі болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарлаңыз.