ІІМ әлеуметтік бейнеролик жариялап, жол қозғалысының әрбір қатысушысына ой салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға рөлге мас күйде отырып, өзінің де, өзгенің де өміріне балта шапқан ер адам туралы. Жылдар өтсе де, оның уақыты жол апаты болған күні тоқтап қалған. Қаза болған бала басты кейіпкердің соңына түскен көлеңке іспетті.
– Бұл ойдан шығарылған дүние емес. Бұл "бір рюмкадан ештеңе бола қоймас" дейтін кез келген жанның шынайы өміріне айналуы мүмкін нәрсе. Бір сәттік салғырттық орны толмас қасіретке әкеп соғуы ғажап емес, – деді полиция қызметкерлері.
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда мас жүргізушілердің кесірінен 198 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл апаттарда 18 адам қаза тауып, тағы 318 адам жарақат алған.