Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізушіге көлік құралын басқаруға жеті жылға тыйым салды

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 360-тан аса мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым күні «Chevrolet Cruze» автомашинасын басқарған 31 жастағы петропавлдықтың қаладағы сауда орындарының біріндегі автотұрақтан шығу кезінде көлік жүргізуі автопатрульдің назарына түседі. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық сараптама орташа дәрежедегі мас күйін көрсетті. Жүргізуші автокөлік сатып алғанын тойлап жатқанын, дүкенге сусын алуға шыққанын түсіндірді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы үргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша материал жиналды. Келесі күні сот болды. Қалалыққа 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, жазасын өтегеннен кейін, алыс сапарға шығушыға басқа жұмыс іздеуіне тура келеді. Ер адамға көлік құралын басқаруға жеті жылға тыйым салынды.

– Құқық бұзушының айтуынша, ол өзінің жасаған ісіне өкінеді, — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. — Оның әрекеті масаң күйде автокөлікті басқаруға жол беретін басқа жүргізушілер үшін сабақ болуы тиіс. Мас күйде рөлге отырған адам біреудің денсаулығына зиян келтіріп, өмірін қиятын жол апатына бір қадам жақын екендігін естен шығармаған жөн. Осындай фактілерді анықтау — патрульдік полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі, ол Департамент басшылығының тұрақты бақылауында тұр.

Жыл басынан барлығы облыс жолдарында ішімдік ішкеннен кейін рөлге отырған 368 жүргізуші ұсталды. Масаң жүргізушілердің кінәсынан төрт ЖКО жасалған, екі адам жарақат алып, екеуі қайтыс болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру