Мас жүргізушінің көлігінен қару табылды
СҚО-да автомобиль салонында үш тіркелмеген қару мен атып алған олжасын алып жүрген ауылдық масаң күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының ПД құрамындағы табиғатты қорғау полициясы бөлінісінің қызметкерлері жұмыстың күшейтілген түріне көшті: қыркүйектің 5-нен өңірімізде күзгі аң аулау маусымы ашылды.
5 қыркүйек Мамлют ауданының учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Рашид Валиевпен және аудандағы аң аулау қоғамының қорықшысымен Дубровное ауылынан екі шақырымдай жерде 33 жастағы ауыл тұрғыны тізгіндеп келе жатқан LADA Granta автокөлігі тоқтатылды. Автомашинаны тексеру барысында жүксалғышынан тегіс ұңғылы қарудың үш бірлігі мен оқ-дәрінің 18 данасы анықталды. Ауыл тұрғынының қаруға рұқсат қағазы да, аңшылық билеті мен жолдамасы да болмай шықты. Сондай-ақ салоннан атылған екі жабайы үйрек табылды. Оның үстіне, «LADA Granta» автокөлігінің жүргізушісі масаң күйде болған. Нәтижесіне қарулар алынып, ауылдыққа бірден үш әкімшілік материал толтырылып, сотқа жолданды.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық аумақтық инспекциясының мәліметінше, қаз бен үйрек (ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқа) аулау мерзімі – 5 қыркүйектен 30 қарашаға дейін; шіл аулау – 5 қыркүйектен 15 қарашаға дейін; құр – 5 қыркүйектен 30 қарашаға дейін; бұлан, қабан, марал аулау – 5 қыркүйектен 31 желтоқсанаға дейін; сібір елігін аулау мерзімі – 20 қыркүйектен 31 желтоқсанаға дейін, түлкі, қарсақ, қоян, жанат тәрізді ит аулау –1 қарашадан 2021 жылдың 15 ақпанына дейін.
Сонымен қатар, полицейлер мен орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының инспекторлары әуесқой аңшыларда міндетті түрде аңшы куәлігі; ҚР салық заңнамасымен белгіленген, аңшы куәлігін жыл сайын тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек; жануарлар әлемін пайдалануға рұқсаты, аңшы шаруашылығы субъектісінің жолдамасы болған жағдайда ғана аңшылықпен айналысуға болатынын еске салады.
Аңшылық атыс қаруымен аңға шыққан кезде өзімен бірге ҚР ішкі істер органдарымен берілген аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты, жабай құстарды аулау кезінде – оларды тіркеу туралы құжаттары болуы қажет.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс ұдайы бақылауда. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер үш мақсатты жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, олар: «Браконьер», «Таза Қазақстан». Сегіз айда табиғатты қорғау заңнамасының 655 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде жануарлар дүниесі саласында – 393, балық аулау саласында – 245, өсімдіктер дүниесі саласында – 11. Жыл басынан 22 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, олардың басым бөлігі – заңсыз аң аулау мен заңсыз ағаш кесу.
– Аң аулау мен балық аулау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін, қару қолдану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттігін ескертеміз, сондай-ақ санитарлық нормалар мен жеке гигиенаны да естен шығармаған жөн, – деп атап өтті Қанат Айтбаев.