Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Масаң күйдегі жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әуе рейсінен түсірілді

Масаң күйдегі жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әуе рейсінен түсірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті әуе кемелерінде жасалған 508 құқық бұзушылықты анықтады. Ең көп тараған құқық бұзушылықтар алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру - 313 факт, ұшақ бортында темекі шегу - 131 факт, ұсақ бұзақылық - 32 факт және басқа да құқық бұзушылықтар.

Кезекті оқиға Ақтөбе қаласының әуежайындаболды. Көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері әуе компания өкілінің толтырған акт негізінде Ақтөбе – Алматы бағытындағы рейстен 33 және 51 жастағы Алматы қаласының екі тұрғынын түсірді.

Тексеру барысында жолаушылардың рейске тіркеу кезінде мас күйінде болып, агрессивті мінез-құлық танытқаны және балағат сөздер айтқаны анықталды.

Құқық бұзушылар қоғамдық орынға масаң күйінде келу және ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Көліктегі ПД азаматтарды қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін әуе кемелерінде және қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру