Масканың жоқтығы туралы ескертуге агрессивті жауап берген қыз жауапқа тартылды
Алматыда әлеуметтік желілерді бақылау барысында қоғамдық көліктердегі жолаушыларға арналған карантин шараларын бұзу фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеру жүргізді, оның барысында қыздың жеке басы анықталды.
- Заңға сәйкес шара қолдану үшін ол полицияға жеткізілді. Бұл - 1998 жылы туылған Е.есімді азаматша, қаланың Алатау ауданының тұрғыны.
Оған бірден екі әкімшілік іс қозғалды. ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды (30 АЕК). Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы - ұсақ бұзақылық бойынша материалдар шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі арнайы іс материалдары СМАС-қа жіберіледі, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.