Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мәскеуде полиция мен әскери қызметкерлер арасында дзюдодан халықаралық турнир өтті

Мәскеуде полиция мен армия қызметкерлері арасында дзюдодан халықаралық турнир өтті. Жарыс қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық додаға Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан елдерінен 26 команда қатысты.

Қазақстан ІІМ құрама командасы үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды Росгвардия командасы, екінші орынды Өзбекстан құрамасы жеңіп алды.

Турнирге 2024 жылдың 17 тамызында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғалым Арыстанбаевтың жесірі шақырылды. Ол автопатруль құрамында республикалық маңызы бар автожолда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен болатын.

Марқұм министрдің бұйрығымен "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Оның артында отбасы - жұбайы Әлия Кобегенова және 11 баласы қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру