Мәжіліс депутаты Павлодардағы учаскелік полиция пунктіне барды
Мәжіліс депутаты Павлодардағы учаскелік полиция пунктіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі заманғы учаскелік полиция пункті – ол қадамдық қолжетімділікте болуға мүмкіндік береді және полицияның азаматтардың сұрауына өзіндік және сапалы ден қоюын қамтамасыз етеді. Қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғаудың тиімділігін арттырады.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сервистік полиция қызметі жасалады. Өткен жылы облыс орталығында «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы өтті. Сервистік полицейге қойылатын негізгі талап – халықпен тығыз түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық және жол тәртібін қамтамасыз ету, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Қалада полицияның заманауи сервистік пункттері орналасқан. Полицияның алғашқы сервистік пункттерінің артықшылықтарының бірі – барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мұнда балалы аналарға арналған жеке кабинет, жасөспірімдермен жұмыс істеуге арналған арнайы кабинет бар. Полиция бекеті толығымен камералық бейне өңдеуге негізделген, сонымен қатар 3D форматында қала картасы жасалған. Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының алдына қазіргі заманғы, технологиялық дамыған, халықтың сеніміне ие жүйелі ішкі істер органдарын құру міндеттерін қойды. Жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа тәсілдері мен құралдарымен құрылатын полиция жұмысының сервистік моделін енгізу жүзеге асырылып жатыр. Сервистік полиция қағидаттарында жергілікті полиция қызметінің жүйесі жетілдіріліп, жаңа тетіктер, құралдар мен жұмыс әдістері енгізіліп келеді.
– Полиция қызметкерлерінің қызметін бағалаудың негізгі критерийі халықтың даму деңгейі екендігі белгілі. Учаскелік полиция инспекторлары аумақтағы барлық проблемалар туралы жедел білу үшін көп қабатты үйлердің тұрғындарының жалпы үй чаттарына қосылған. Чат арқылы халықтың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту жүзеге асырылады, тұрғындар қоғамдық тәртіпті қорғауда полицияның атынан тиімді өкілдік етуге мүмкіндік алады, – дейді Павлодар қаласының №14 учаскелік полиция пунктіне жауапты Рымбек Мелесов.
Мәжілісмендер құқықтық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді атқару кезіндегі полицейлердің қолданатын заманауи техникасымен және қызметтік автокөліктерімен танысты.
– Біз қоғамдық қауіпсіздік жағдайына қатысты ұсыныстар мен тілектерге ашықпыз, проблемалық мәселелерді бірге талқылауға әрқашан дайынбыз. Бүгінгі таңда сервистің сапасы және азаматтардың сұраныстарына тиімді ден қою кез келген мемлекеттік орган жұмысының негізгі көрсеткіші екендігі белгілі. Сондықтан біз өз тарапымыздан қолжетімді полиция қағидатын іске асыруға қолдау көрсетеміз, – деді Мәжіліс депутаты Бекболат Орынбеков.