Мәжіліс депутаты Қарағандыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды
Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков арнайы іссапармен 5451 әскери бөліміне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сапар аясында халық қалаулысы әскери бөлімнің қызметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Сондай-ақ жеке құраммен кездесіп, олардың қызмет барысын көзбен көрді.
Жүздесуде әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелері, тұрмыстық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар әскери инфрақұрылымның қазіргі ахуалы жан-жақты қарастырылды.

Депутат мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың нәтижесінде әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келе жатқанын атап өтті. Мұндай қолдаудың қызмет сапасын арттыруға және бөлімнің тұрақты дамуына ықпалы зор. Осы ретте әскерилердің кәсіби деңгейін көтеруге, тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған нақты жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.
