Мәжілістегі Үкімет сағатында есірткі қылмысының алдын алу жүйесі туралы айтылды
ІІМ басшысы Ержан Саденов Мәжілістегі Үкімет сағатында есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесін тек күштік әдістермен шешу мүмкін еместігін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Мұнда барлық уәкілетті органдардың қатысуымен нашақорлықтың алдын алудың нақты жүйесі қажет. Ұлттың генофондына, біздің балаларымыздың болашағына қауіп төніп тұр – деп атап өтті министр.
Қазір нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары бекітілді. Оның негізгі міндеттері:
– есірткінің қауіпті, әсіресе синтетикалық түрлерінің таралуын болдырмау;
– олардың қол жетімділік деңгейін төмендету;
– нашақорлықты ерте анықтау жүйесін енгізу;
– есірткіге тәуелді адамдардың нақты есебін қалыптастыру;
– уәкілетті органдардың құзыретін және мәртебесін арттыру;
– материалдық-техникалық базаны нығайту.
Кешенді жоспарды жүзеге асыруға мемлекеттік және қоғамдық институттардың көпшілігі тартылды. Мысалы жоспар шеңберінде өсірілген қарасораның өсу ареалдарына ғарыштық мониторинг жүргізілді, оның көмегімен 265 есірткі плантациясы белгіленді. Бұл деректерді жасанды интеллект арқылы спутниктер оларды өздігінен анықтау үшін пайдаланады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның атына бақылаудағы тауарлар тізбесіне синтетика өндіру үшін пайдаланылатын 14 жаңа затты (конструкторлар) енгізу туралы ұсыныс жіберілді.
ҰҚШҰ форматында «Арна» операциясы жүргізілді. Операция барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында 2,5 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 1 тоннадан астам синтетика және опиоидтар тәркіленді.
Сонымен қатар аумақтық полиция бөлімшелеріне есірткі сайттарына қатысушыларды анықтау үшін аппараттық-бағдарламалық кешендер және жаңа автокөліктердің саны сатып алынды.