Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекеме қызметкерлеріне "Асқар тау әке" атағы берілді

Алматы облысындағы түзеу мекемесінің екі қызметкеріне "Асқар тау әке" атағы берілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамырда  Алматы облысы Заречный ауылындағы қылмыстық-атқару  жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/8  түзеу мекемесінде көп балалы отбасы ретінде танылған, балаларына өздерінің өнегелі тәрбиесімен үлгі бола білген Алматы облысындағы түзеу мекемесінің екі қызметкері "Асқар тау әке" деген атаққа ие болды.

"Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамдың діңгегі. Отбасының амандығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-бірімізге әдемі де әсерлі сөздер айтып ерекше сыйластық көрсетуді жөн көрдік", – дейді ЛА-155/8 мекемесі жеке құрам арасындағы психолог маманы Гаухар Әлішерқызы.

Көп балалы отбасының отағалары Ерқанат пен Ерсін қызметте де жақсы жағынан танылған, үлкенге құрмет кішіге ізет білдіре білетін азаматтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру