Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекемеде онлайн-кездесу өтеді

Қызылорда облысында сотталғандар туыстарымен енді бейнебайланыс арқылы сөйлетін болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Елімізде коронавирустың белең алуына байланысты қатаң режимдік тәртіпке көшкен ЗК-169/1 мекемесінде қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде атқарылып келеді.

Мекеменің кіре берісіндегі бақылап өткізу бекетінде сақтық шаралары жүргізіліп жатыр. Сырттан келген келушілердің, мекеме қызметкерлерінің дене қызуын, байланыссыз стермометрмен өлшеп, қалыпты болған жағдайда ғана мекемеге кіргізеді.
Антисептикалық ерітінділермен қолдарын залалсыздандырып отырады.Осы бекеттегі жұмысқа жауапты үш қызметкер, арнайы көп реттік бетперделермен жеке қорғаныс үшін медициналық киім үлгісі жабдығымен қамтамасыз етілген.


Мекемедегі айыпталушылар мен сотталушыларға келген туыстары мен заңды өкілдеріне кездесулер онлайн түрге ауыстырылған. Қысқа мерзімді кездесуге келген айыпталушылардың туыстары бейнебайланыс арқылы сөйлесуге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру