Мекемедегі сотталғандар ҰААТ өкілдерімен онлайн кездесті
Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушілерді Қызылорда облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі өкілдері онлайн тәртібінде жеке сұрақтармен қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісі Серік Теңізбаев, осы ұйымның мүшелері Сауле Абилдаева, Ляйла Есалиева және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының заңгері Сәбитбек Алшынбеков, жазасын өтеушілердің сұрақтарын тыңдап, жауаптарын берді.
Еліміздегі орын алған індетке байланысты қойылған шектеулер туралы түсіндіріп, ҚАЖ мекемелері аумағына кіру тоқтатылғанын, карантин уақыты аяқталғаннан кейін келетіндерін айтты.
– Бұл іс-шара онлайн форматта карантиндік шектеулерге байланысты ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта онлайн түрде ЗК-169/1, ЗК-169/4 мекемелерінде өткізілетін болады, – деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік – психологиялық жұмыстары бойынша тобының бас маманы Серік Сейдахметов.