Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекемеге мониторинг жүргізілді

Түркістан облысының қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері ИЧ-167/9 мекемесіндегі сотталғандарға қоғамдық мониторинг жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандардың құқықтары және заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, оларды ұстау жағдайлары, медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі, еңбегі және бос уақытын тиімді пайдалану бөлігіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Қоғамдық байқау комиссиясының төрайымы Райхан Хобдабергенова және мүшелері Валентина Скрябина мен Жанар Монтаева ҚАЖ департамент басшысы Талғат Абдранбаевпен бірге мекемені аралап, жасақтың санитариялық-гигиеналық жағдайы мен асхана, монша, карантин бөлімшелерін, сондай-ақ жасақтардағы сотталғандармен сұхбаттасып, эпидемияға қарсы жүргізіліп жатқан дезинфекциялық іс-шараларды көріп, оң бағаларын берді.

Өндіріс аймағында жұмыс істеп жатқан тігін цехында болып, онда сотталғандардың қолымен тігіліп жатқан бетперделерді көріперекше әсерде болды және өз ризашылықтарын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.

“Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың барлығы бетпердемен қамтамасыз етілген, іс-шаралардың барлығы бекітілген күн ретіне сәйкес өткізіледі, күнделікті сотталғандарға COVID-19 індетінің таралуының алдын алу, одан сақтану шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы төтенше жағдай, карантин кезiнде қойылған шектеулерге сәйкес мекеме аумағында өзгертілген күн ретін қасақана бұзғандар ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес тәртіптік жазаларға тартылады, – дейді департамент басшысы Талғат Абдранбаев.

Жыл басынан қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері мекемеге осымен 2-рет келіп, мониторинг жұмыстарын жүргізді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру