Мектеп инспекторлары онлайн жиналыстар өткізді
Алматы облысында мектеп инспекторлары онлайн жиналыстар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полицейлері онлайн тәртіпте жиналыстар өткізіп, оқушылардың қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарының сақталуын ескертуде. Алматы облысының тәртіп сақшылары коронавирус індетіне байланысты білім берудің онлайн тәртіпте жүргізіліп жатқанын ескере отырып, оқушылармен және олардың ата-аналарымен ғаламтор арқылы кездесулер өткізуде. Жергілікті білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өтетін онлайн жиналыстарда ювеналды полиция өкілдері оқушылардың қауіпсіздігі, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынушылықты қалыптастыруға бағытталған құқықтық-насихаттық, ақпараттық сипаттағы әңгімелесулерді қашықтықтан өткізілуде.
– Алматы облысы аумағында 760 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен 76 колледж бар. Ювеналды полиция тобының 182 инспекторы аталған білім мекемелеріндегі тәртіп пен құқықтық тәрбиеге жауапты ретінде бекітілген. Биылғы оқу жылы пандемияға байланысты онлайн режимде ұйымдастырылғанын есепке алып, тиісті жұмыстарды онлайн тәртіпте жүргізіп жатырмыз. Барлық инспекторлар ата-аналармен, оқушылармен және педагогикалық ұжымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады, – деді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Медет Құнанбаев.
Полиция өкілдері карантин жағдайында мектеп әкімшілігімен және ата-аналар комитетімен тығыз қарым-қатынаста жұмысын жалғастыратын болады.