Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық шығармашылық байқау жеңімпаздары анықталды

ҚР мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеу аясында жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты облыстық шығармашылық байқауы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық құндылықтарын ілгерілетуге, мемлекеттік қызметтің беделін және жас мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оларды ынталандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың 20-дан астам мемлекеттік қызметшілері осы конкурсқа қатысуға қызығушылық танытты: облыстан бастап ауылға дейін.

Байқау бір кезеңнен тұрып, маусым айының басында басталды.

Құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірген комиссия мүшелеріне қатысушылар бейне жобалар, эссе, презентациялар ұсынды. Қатысушылардың барлық жұмыстары қашықтықтан қарастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару қызметінің бас маманы Гүлнұр Темірханова ие болды, ол «Мемлекеттік қызметшінің өміріндегі бір күн» тақырыбында бейнеролик түсірді. Жеңімпазға теледидар табысталды.

Екінші орынды Ақсу қаласы полиция бөлімінің өкілі жетекші маман Линара Асанова «Жаса қазағым» әнімен иеленіп, оған планшет табыс етілді.


«Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» өлеңін жазған Май ауданы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлжан Елеукенова 3-орынды және жүлде ретінде смартфонға ие болды.

Еске сала кетсек, 28 жасқа дейінгі жас мемлекеттік қызметшілер құрметті орын үшін өз күштерін күресте сынап көрді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру