Мемлекеттік қызметтер электронды форматта
ІІМ-нің мемлекеттік қызметтерінің басым бөлігі, дәлірек айтқанда 36 қызметтің 30-ы электрондық форматқа ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл соңына дейін көші-қон саласында тағы үш қызмет онлайн түрде көрсетіледі. Осылайша, ІІМ Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жеңілдетеді, әкімшілік кедергілерді төмендетеді, қызметкерлердің жеке ықпал ету факторларын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Халықтың сенімін арттыру үшін құқық қорғау органдары жүйесінде барлық жерде сандық технологиялар енгізіліп жатыр.