Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мемлекеттік рәміздері күні: Шымкентте полицейлер марафон ұйымдастырды

Мемлекеттік рәміздері күнінде Шымкентте полицейлер марафон ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай қаланың орталық стадионында 200 полиция қызметкері марафонға жиналды.

Іс-шара қатысушылардың әнұран орындауымен басталып, еліміздің тәуелсіздігін айшықтайтын рәміздерге құрмет көрсетілді. Полицейлер Мемлекеттік туды желбіретіп, 10 шақырымдық қашықтықты еңсерді.

Аталған марафон тек спорттық шара ғана емес, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік пен Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті білдіретін патриоттық шара болды.

- Рәміздеріміз - Тәуелсіздігіміздің айғағы. Бүгінгі шара арқылы біз елге, ұрпаққа адал қызмет етуге әрқашан дайын екенімізді білдіріп, жастарға үлгі көрсетіп, патриоттық рухты насихаттағымыз келді, - деп атап өтті марафонға қатысушылар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру