Мемлекеттік шекаралық өткізу пунктінде рейдтік іс-шаралар өткізілді
Павлодар облысындағы мемлекеттік шекаралық өткізу пунктінде рейдтік іс-шаралар өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстардың алдын алу мақсатында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімше прокуратура органдарымен және Ертіс ауданы полициясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен өзара іс-қимыл аясында "Амангелді" мемлекеттік шекаралық өткізу пунктінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Рейд барысында көлік құралдары, тасымалданатын жүктер мен ілеспе құжаттар мұқият тексерілді. Сонымен қатар есірткі және психотроптық заттарды контрабандалық жолмен өткізуі мүмкін ықтимал арналарды анықтауға бағытталған қосымша шаралар қабылданды.
Павлодар облысы полиция департаменті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес есірткі және психотроптық заттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
