Меморандумға қол қойылды
Қарағанды облысының ПД мен "Болашақ" Қарағанды академиясы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының ПД мен "Болашақ" Қарағанды академиясы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум қабылдады. Құжатқа облыстың ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов пен Академия ректоры Құралбай Меңлібаев қол қойды.
- Біз ынтымақтастықты теңдік, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде жүзеге асыруға ниеттіміз. Атап айтқанда, бұл ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында семинарлар ұйымдастыру және қатысуды, сондай-ақ отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуды қамтиды, - деді Қ.Меңлібаев.
- Бұл меморандум Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында қабылданды. Оның мақсаты - серіктестік қатынастар орнату және ПД мен "Болашақ" академиясы арасындағы ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту. Мәселен, бағыттардың бірі - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалтудың инновациялық әдістерін әзірлеу, - деді Қ.Ысмағұлов.