Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мен де жұлдыз боламын”: Астанада ата-аналарды алдап соққан азамат анықталды

Астанада ата-аналарды алдап соққан азамат анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында 39 жастағы күдікті өзін би үйірмесінің ұйымдастырушысы ретінде таныстырып, балаларды “Мен де жұлдыз боламын” бағдарламасына қатыстыруға және шетелге жарысқа апаратынын айтып, бірнеше ата-ананы алдаған.

Қазіргі уақытта Нұра аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстады. Оның алаяқтық жолмен жасалған 9 эпизодқа қатысы бары анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында, әйелдің ата-аналардың сеніміне кіріп, олардың балаларына үлкен сахна мен халықаралық деңгейдегі жетістік уәде еткені белгілі болды. Осы мақсатпен ол түрлі шығындарды (дайындық, жол ақысы, құжат рәсімдеу, қатысу жарналары) сылтауратып, ақша алған. Уәде етілген іс-шаралар жүзеге аспаған соң, ата-аналар полицияға жүгінген.

Полиция азаматтарға бейтаныс адамдардың уәделеріне сақтықпен қарап, ресми құжаттарсыз ешқандай ақша аудармауға кеңес береді. Күмәнді жағдай туындаған кезде дереу полицияға хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру