"Мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын": Оралда полицейлер акция өткізді
Оралда "Мен — сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын" акциясы аясында Орал қаласы полиция басқармасының №25 УПП учаскелік инспекторлары қызмет көрсетілетін аумақта тұратын тұрғындармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын түсіндірді және жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Әрбір қатысушыға заң талаптары мен жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер берілді.
Айта кету қажет, учаскелік полиция пунктіне бекітілген аумақта 71 көпқабатты үй, 6 таунхаус, мыңнан астам жеке тұрғын үй және 7 саяжай қоғамы орналасқан. Жалпы алғанда, бұл аумақта 15 мыңнан астам адам тұрады. №25 учаскелік полиция пункті Орал қаласы, Алаш көшесі, 16В мекенжайында орналасқан. Қызмет көрсетілетін аумақта аға учаскелік полиция инспекторы Роллан Бектурғанов, учаскелік полиция инспекторы Біржан Макаров, учаскелік инспектордың көмекшісі Рустама Аубакирова тәртіпті қамтамасыз етеді.
Аға учаскелік полиция инспекторы Роллан Бектурғановтың атап өтуінше, 10-шы шағын аудан қаланың жаңа аудандарының бірі. Мұнда заманауи нысандар белсенді түрде салынып жатыр. Инфрақұрылым динамикалық дамуда. Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін инспекторларға қызметтік автокөлік берілген, тиімді жұмыс жасауға қажетті барлық жағдайлар жасалған.
Полиция қызметкерлері тұрғындармен ашық диалогты жалғастырып, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және құқықтық сауаттын жоғарылату бағытында іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде.
