Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Менің әкем – полицей": Түркістан облысында балалар арасында сурет байқауы өтті

Түркістан облысында "Менің әкем – полицей" атты балалар арасында сурет байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты "Бал-Жазира" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен "Менің әкем – полицей" тақырыбында сурет салу байқауы өтті.

Шараға мектеп жасына дейінгі балалар белсене қатысып, әрқайсысы өз суреттері арқылы полиция қызметкерлерінің қоғамдағы жауапты қызметін, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегін бейнелеуге тырысты. Балалардың салған суреттерінен олардың қиялы мен шығармашылық қабілеті, сондай-ақ полиция мамандығына деген қызығушылығы анық байқалды.

Байқау барысында тәрбиеленушілердің жұмыстары көрмеге қойылып, белсенді қатысқан бүлдіршіндерге алғыс білдірілді. Аталған іс-шара балалардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың құқық қорғау органдары қызметіне деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру