"Менің қателігімді қайталамаңыздар": бұрын сотталған азамат жастарға ой салды
Ақтөбе қаласындағы С. Бәйішев атындағы университетте "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында есірткіге қарсы форум өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараға облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелері және есірткі қылмысы үшін сотталып, 2025 жылы бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан ерікті қатысты.

Бұрын сотталған, бүгінде қоғамға қайта бейімделіп, жастарға үлгі болуға талпынып жүрген азамат студенттермен кездесіп, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол жастық шақтағы ойсыз әрекеттері мен қателіктері үшін өкінішін білдіріп, жастарды өмір жолында саналы шешім қабылдауға шақырды.
— Мен өмірімнің бір бөлігін темір тордың ар жағында өткіздім. Сол жылдары өзім үшін де, отбасым үшін де көп нәрсе жасауға болар еді. Менің қателігімді қайталамаңыздар, аналарымызды жылатпаңыздар! — деді ол студенттерге.
Форум барысында кинологиялық қызмет орталығының мамандары іздестіру иттерінің қатысуымен көрсетілім ұйымдастырып, олардың есірткі заттарын анықтаудағы маңызды рөлінкөрсетті.
