"Менің тәлімгерім – менің мақтанышым": Атырауда жас полицейлер мен ардагерлер кездесуі өтті
Атырауда жас полицейлер мен ардагерлер кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінде жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлеріне арналған "Менің тәлімгерім – менің мақтанышым" атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен ардагерлер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас полицейлерге кәсіби жолда бағыт-бағдар берді. Әңгіме барысында тәлімгерлік институтының маңыздылығы, жас мамандарға кәсіби және адами құндылықтарды дарытудағы рөлі кеңінен талқыланды.
Атырау облысы ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Нұржан Шаеденов шараны аша отырып, тәлімгерлік жүйенің жас мамандардың кәсіби қалыптасуындағы шешуші маңызын атап өтті. Ол қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлерге табыс пен адал еңбек тіледі.
Мұндай кездесулер ішкі істер саласындағы сабақтастық пен рухани үндестікті нығайтып, болашақ тәртіп сақшыларына берік бағыт береді.