Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мереке күндері ел бойынша 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді

Мереке күндері ел бойынша 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекшілікте болады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы мерекелік концерттермен және бұқаралық іс-шаралармен өткізіледі. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

Патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізілуде.

Тәртіп сақшыларының арқасында қазақстандық азаматтар мерекелік атмосфераны алаңсыз сезіне алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру