Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мереке күндері Ертіс полицейлері 871 құқық бұзушылықты анықтады

Мереке күндері Павлодар облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 871 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Олардың ішінде басып озу және маневр жасау ережелерін сақтамау, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жалған нөмірлермен жүру және мас күйінде көлік басқару деректері бар, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Айта кету керек, патрульдік полиция батальонының полицейлері жол қауіпсіздігін ғана емес, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін де қамтамасыз етуді тиімді жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, полицейлер қоғамдық және жол қауіпсіздігі-әрқайсымыздың жауапкершілігіміз екенін еске сала отырып, қала көшелерінде жол қозғалысы ережелері мен құқықтық тәртіпті сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру