Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мереке қарсаңында Жетісу облысының бүлдіршіндері полицейлерге сыйлық жасады

Мереке қарсаңында Жетісу облысының бүлдіршіндері полицейлерге сыйлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу өңірінің тәртіп сақшылары Алғыс айту күнінде ең әсерлі құттықтауларға ие болды. Текелі қаласының ең кішкентай тұрғындары өз қолдарымен полицейлерге сыйлықтар жасап, қызметкерлерді жеке құттықтап, қонаққа келді.

Мектеп жасына дейінгі балалар ІІМ-нің қызметкерлері туралы бірқатар суреттерді салып қана қоймай, «Полицей деген кім?» деген сұраққа да жауап берді. Балалар тәртіп сақшыларының оларды қорғап, қаланы және барлық тәртіпті қадағалап, «бүкіл әлемді бақылайтын арнайы бейнекамера» бар екеніне және олардың тыныш ұйқысын қорғайтынына сенімді.

– Мен полицей-ағаның жолақты таяқшамен көшеде тұрғанын, ал балалар ақ және қара түсті жолақтармен көшенің арғы жағына өтіп бара жатқан суретті салдым. Сақшы ағаны барлығы тыңдап, көліктер де оған бағынады. Бізді қорғағаныңыз үшін полицейлерге рахмет, мен өскенде полицей боламын!, – деп кішкентай Алихан ризашылығын білдіріп, өз арманымен бөлісті.

Ал кішкентай Аянат таңертең қалалық полиция бөліміне қонаққа келіп, әрбір тәртіп сақшысына өз қолымен безендірген «Сіздерге мың алғыс!» жазуы бар шоколад сыйлады.

– Мерекеге мен оларға шоколад беремін. Олар жақсы адамдар, ал жақсы істер үшін тәттілерді беру керек. Бізге әрдайым көмектескеніңіз үшін рахмет, – деп кішкентай Аянат полицейлерді жылы сөздерімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру