Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мерекелік іс-шара өткізілді

Алматы облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторында мерекелік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін ЛА-155/16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан, мекеменің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

– Елбасымыз айтып өткендей, Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек екенін біз ешқашан ұмытпаймыз, – дейді іс-шараға қатысқан сотталған азамат.

Іс-шара барысында сотталғандар назарына Тәуелсіздік туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар үстел теннисі және шахматтан жарыс өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру