Меркі ауданының тұрғынынан 16 келі марихуана тәркіленді
Меркі ауданының тұрғынынан 16 келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 шілдеде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Меркі ауданында Сыпатай батыр ауылының 50 жастағы тұрғынын ұстады.
Одан 16 келіге жуық «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді.
Ол өз кінәсін мойындап, Меркі ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.