Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Меркіде қараусыз қалған ғимараттан қару-жарақ табылды

Меркі ауданындағы қараусыз қалған ғимараттан қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Меркі ауданының Ақарал ауылында қараусыз қалған ғимараттардың бірінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды анықтады.

«Қарасора – 2023» алдын алу іс-шарасы аясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 9 мм калибрлі Strimmer 1014 травматикалық тапанша, 5,45 мм калибрлі екі патрон, 9 мм калибрлі екі патрон табылып, тәркіленді.

– Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, – деді Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру