Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мерзімінен бұрын босатылған ер адам қайта құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды

Түркістан облысында полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен сот ғимаратында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар мен пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн тәртібінде сотты болғандармен қайта қылмыс жасамауға бағытталған профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ҚР ІІМ Е.Саденовтің 2025 жылды «Профилактика жылы» деп бекітуінің мән-маңызы жеткізіліп, жаза басқандарға жақсы жаққа өзгеру қажеттігі ескертілді.

Ашық сот отырысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсыным қаралды. Яғни жазасының қалған өтелмеген бөлігінде бірнеше баптардың талаптарын қайта бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасап, соттың шешімін қасақана орындамаған ер адамның ісі қаралды.

Нәтижесінде ұсыным қанағаттандырылып, азаматтың қалған өтелмеген 3 жыл 4 ай 22 күнін қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде қайта өтеу үшін қаулы шығарылды.
Ең маңыздысы қатысушыларға қателіктен сабақ алмағандардың қайта темір торға тоғытылатыны ұғындырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру