Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мигрант” іс-шарасы: Павлодар облысында 306 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

“Мигрант” іс-шарасы барысында Павлодар облысында 306 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық полицейлер «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.

– Нәтижесінде, 306 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 164 ТМД шетелдік азаматы Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған және 142 қазақстандық. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 23 фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болудың белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін 119 қазақстандық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар алимент төлемеушілер мен борышкерлердің 12 мекенжайы анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Мәселен, 14 қыркүйекте М.Жүсіп көшесі мекенжайы бойынша жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының 20 және 34 жастағы азаматтары ұсталды. Бұл азаматтар олардың жеке басын анықтау үшін Павлодар қаласының қабылдау – орналастыру орнына орналастырылды. Сондай-ақ сауда үйлерінің бірінің жанында Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматшасы ұсталды. Қызға қатысты ҚР ӘҚБтК 449-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру