«Мигрант» іс-шарасы: шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 8 қазақстандық жауапқа тартылды
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 8 қазақстандық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсаннан бастап Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
– Іс-шараның бірінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 306 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 234-і Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған шетел азаматтары. Сот шешімімен 24 шетелдік елден шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 64 қабылдаушы тарап жауапқа тартылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 8 жұмыс беруші жауапқа тартылды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.