Милицияның ажырамас бөлігіне айналған Урал мотоциклдері. ШҚО полициясының мұражайында құнды экспонаттар бар
Милицияның ажырамас бөлігіне айналған Урал мотоциклдері. ШҚО полициясының мұражайында 500-ден астам құнды экспонат сақталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 жылдан бері ШҚО полициясының музейінде осы саланың тарихынан сыр шертетін маңызды құжаттар мен құнды экспонаттар сақталып келеді. Мұражай ішкі істер органдарының қалыптасу және даму кезеңдерін көрсететін екі залдан тұрады, онда 500-ден астам экспонат, оның ішінде келушілерді бей-жай қалдырмайтын жеке адамдар мен қызметтердің оқиғаларын баяндайтын 121 түпнұсқа артефакт бар. Бірақ қаншама тарихи жәдігерлер болса да, кеңестік қылмыскерлердің үрейін ұшырған Урал мотоциклі – жас қонақтардың басты фаворитіне айналған.
Бұл айтулы мотоциклдегі жарқылдауық маяктар, арнайы сигнал, ал дыбыс зорайтқышпен тоқтауды талап еткен милиционердің қатаң дауысы сол кездегі қатаң тәртіпті сақтаудың белгісі іспеттес болған. Бұл Кеңес милициясының негізгі көлік құралдарының бірі болған.
Мемлекеттік автоинспекция қызметінде Урал мотоциклдері 60-жылдардың соңында қолданыла бастады. Басты себеп – автоинспекторларға жолда толық артықшылық беру болды, өйткені оларға арнайы мақсаттағы жабдықпен, қосымша қорғаныспен қамтылған максималды жылдамдықтағы мотоциклдер қажет болған.
Сол кездері милиция қызметкерлеріне көлік жетіспей жататын. Мотоциклдермен тек автоинспекторлар ғана емес, учаскелік инспекторлар да жүрді. Ол кез келген жолмен жүріп, шақыруларға тез жетуге мүмкіндік берді, бұл аса маңызды болды. Сонымен қатар мотоцикл күш пен тәртіптің символына айналды, тіпті құқық бұзушыларға кейде қорқыныш ұялатты.
Уақыт өте келе Урал мотоциклдері милиция өмірінің ажырамас бөлігіне айналды, түрлі іс-шаралар мен мерекелерге қатысты, сондай-ақ кинематографиялық экрандарда басты назарда болды.
Толығырақ бейнероликтен тамашалай аласыздар.