Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Міндет! Абырой! Ерлік!: ІІМ оқу орындары ерекше челлендж ұйымдастырды

ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастамасымен ерекше челлендж түсірілді. Оған Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе ІІМ оқу орындары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындары рухани-патриоттық көзқарастағы жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында бірлескен ролик түсірді.

– Нағыз батылдық, міндет пен абырой – бұл жай ғана сөздер емес, әр полицейдің жүрегінде орын алатын басты принциптер. Бұл жерде ІІМ оқу орындары болашақ полицейлердің бойында зияткерлік білім мен дене-жаттығу дағдыларды дамытып қана қоймай, руханият пен патриотизм сезімін нығайтатынын атап өту маңызды. Біздің ойымызша, бұл челлендж жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, құқық қорғау мамандығына назар аударады және әрбір полицейдің өміріндегі ар-намыс пен батылдық қағидаттарының маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік береді, – деп бөлісті Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастығы Ғалымжан Есболаев.

Челлендж Шымкент қаласындағы ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастамасымен түсірілді. Оған сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе ІІМ оқу орындары да қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру