Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Министрдің орынбасары Ақтөбе облысында кеңейтілген жедел кеңес өткізді

Министрдің орынбасары Санжар Адилов Ақтөбе облыстық ПД-да 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген жедел кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес басталмас бұрын Санжар Адилов ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесіп, аға буын өкілдеріне ерекше назар аударудың маңыздылығын атап өтті. Ол ІІМ басшылығы тарапынан ардагерлерге үнемі материалдық және моральдық қолдау көрсетілетінін және олардың игілігі үшін қамқорлық жасалатынын жеткізді.

Жеке құраммен кездесу барысында министрдің орынбасары Мемлекет басшысының ішкі істер қызметкерлеріне жүктеген міндеттеріне тоқталып, министрліктің талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» принципін жүзеге асырудың маңыздылығын ерекше атап өткенін еске салды.

Министрдің орынбасары Ақтөбе облысының 2024 жылғы жұмыс нәтижелерін жоғары бағалап, қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендегенін атап өтті. Қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 783 дерекке азайған, бұл қауіпсіздік саласындағы оң динамиканы көрсетеді.

Жиын соңында Адилов азаматтарды жеке қабылдап, олардың мәселелерін тыңдауға және кеңес беруге уақыт бөлді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру