Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мопедтерді тіркеу: не білу қажет

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оларды пайдалану үшін:

  • полицияда тіркелу;
  • А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
  • техникалық тексеру;
  • азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.

Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:

  • жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
  • мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.

Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.

– Маңызды: 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру